Туған жылы, күні: 25.06.1976 |
Туған жері: Шығыс-Қазақстан облысы; Күршім ауданы; Славянка ауылы |
Отбасылық жағдайы, туыстық байланысы:
|
Тілдерді білуі:
|
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
Мамандығы «Экономика»
Мамандығы «Экономика и менеджмент на транспорте» |
Ғылыми дәрежелері, деңгейі, қызметі:
|
Еңбек өтілі:
|
Білім басқармасының міндеттері мен функцияларын, оған берілген құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Басқарма басшысы:
1. Облыс аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты, Басқарма қызметінің саласына жататын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын және Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар кешеніне басшылықты жүзеге асырады.
2. Облыс аумағындағы барлық меншіктілік нысандарының білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген міндетті орта білімді алуға азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етеді.
3. Өз құзыреті шегінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз етеді;
4. Білім басқармасы туралы ережеге сәйкес білім басқармасына жүктелген міндеттердің, өкілеттіктердің, функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді;
5. Білім басқармасына, оның құрылымдық бөлімшелеріне және оған бағынысты ұйымдарға басшылықты жүзеге асырады;
6. Облыстың білім беру жүйесін дамытудың стратегиясын, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды, облыс бюджетінің және білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарының жобасын әзірлейді;
7. Кәсіптік мектептерде, кәсіптік лицейлер мен колледждерде жұмысшылар мен мамандар даярлауға конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
8. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының жарғыларын бекітеді;
9. Басқарма аппаратын және оған ведомстволық қарасты ұйымдарды ұстауға бөлінетін бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;
10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшы қызметкерлерін таңдауды және орналастыруды жүзеге асырады, «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқаруындағы білім беру ұйымдарының басшыларын (олардың орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
11. Облыс әкімінің келісімі бойынша Басқарма басшысының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
12. Өз орынбасарларының және Басқарма бөлімдерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
13. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындауды және қызметінен босатуды жүзеге асырады, олардың лауазымдық міндеттерін бөледі, олардың кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасайды;
14. Басқарма бөлімдері туралы ережелерді, басқарма Регламентін, Ішкі еңбек тәртібі ережесін, білім басқармасының жылдық жоспарын бекітеді;
15. Заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының басшыларын ынталандырады және тәртіптік жазалар тағайындайды;
16. Басқарма қызметкерлеріне, облыстың білім ұйымдары басшыларына және педагог қызметкерлеріне құрметті атақтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар береді;
17. Басқарма алқасы қызметінің бағыттарын, оның жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
18.Бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады, алқалар шешімдерін бекітеді, «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мекемелері мен ұйымдарының барлық қызметкерлеріне міндетті тапсырмалар береді;
19. Басқарма атынан әрекет етеді, мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда оның мүдделеріне өкілдік етеді, шарттар мен келісімдер жасасады;
20. Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
21. Белгіленген тәртіппен облыс әкімінің қарауына білім басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер жобаларын енгізеді;
22. Білім басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
23. Басқарма қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;
24. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.