ҚазақшаРусский  English  
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ<br>БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫ <br>ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫ
ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 
Галереядан сурет

Бөлім басшысы

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бөлім басшысы -   Тастенбекова Кумысжан Наурызбаевна

Кумысжан Наурызбаевна Тастенбекова 1963 жылы 3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары, «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш кластарында оқыту» мамандығы бойынша М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық училищесін, «Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі» мамандығы бойынша Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірді. Еңбек жолын Семей облысы Бесқарағай ауданы Жандос ауылы Чапаев бастауыш мектебінің мұғалімі болып бастады (1980-1983), Бесқарағай ауданы Беген ауылы Беген орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі (1983-1991), Семей облысы Семей қаласының №26 бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі (1991-1992), Семей қаласының №29 бала бақшасында қазақ тілі мұғалімі (1992-1993), Семей қаласының №37 қазақ мектеп гимназиясында қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі (1993-1996), Бесқарағай ауданы Қоянбай ауылы Қоянбай орта мектебінің директоры (1997-2008), Глуховка орта мектебінің директоры (2008-2013).
2013 жылғы 4 қазан айынан бастап ШҚО Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы. 

Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің Жарлықтарын, Үкіметтің, Министрлер кабинеттерінің, облыс және аудан әкімдерінің қаулыларын орындайды, үкіметтік және ұлттық бағдарламалардың жүзеге асуына бақылау жасайды, аудандық білім беру бөлімі туралы Қағиданы басшылыққа алады, белгіленген тәртіпте отырыстардың, алқа отырыстарының өтуін жоспарлайды, қоғамдық арнаулы инспекцияларын білім беру бөлімінің өкілетігін іске асырады, білім беру бөлімінің қаржылық және барлық шығыс құжаттарына қол қояды және несиелер бөлуші болып табылады, бөлімге жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуына тікелей жауап береді, мамандар мен мектептер басшыларының жауапкершілігін белгілейді, белгіленген тәртіпте аудан әкімінің қарауына, облыстық білім департаментіне бөлімнің дамуы мен қызметі мәселелерін енгізеді, бұйрықтар шығарады, олардың орындалуы бойынша бақылау ұйымдастырады, аудан мектептері туралы құрылым, штат кестелерін, шығыс сметаларын, қағидаларды бекітеді, білім беру бөлімінің аппараты мен мектептер басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, азаматтардың хаттары мен шағымдарын қарауды қамтамасыз етеді, азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдауды жүргізеді, АББ жұмысын жоспарлайды, статистикалық және басқа да есептемелердің өз уақытында және сапалы орындалуын бақылайды, мектептермен сыныптарды іріктеу, білім беру сапасының мониторингі, Қазақстан Республикасының Заңдарының, Президенттің Жарлықтары мен Үкіметтің, Министрлер кабинеттерінің, облыс және аудан әкімдерінің қаулыларының орындалуына, үкіметтік және ұлттық бағдарламалардың жүзеге асырылуларына бақылауды іске асырады.
Облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының, аудан әкімінің тапсырмаларын орындайды.
ИСО 9001-2008 сәйкестікке сапа менеджмент жүйесін ұстау бойынша іс-шараларды өткізеді.

Басшы блогы

     

Қош келдіңіздер!

 

Бұл жерде сіз Бесқарағай ауданының білім бөлімінің басшысы Омарғазин Самат Кұдайбергенұлына сұрақ қоя аласыз.

Құрметті блогқа қатысушылар!

Сұрағыңызға жедел түрде жауап алу үшін оның мазмұнын қысқаша әрі анық жазуыңызды өтінеміз. Сауалыңызды жеткізбес бұрын блогтағы материалдармен мұқият танысып шығыңыз. Өйткені оның жауабын жазылған материалдар ішінен табуыңыз әбден мүмкін.

 

 

БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
25-12-2018
«Ерекше балалардың» жаңа жылдық оқиға.
Толығырақ
27-02-2018
Толығырақ
05-02-2018
ҚР БҒМ 8.06.2020 ж. №235 мектептер үшін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша бұйрығы
Толығырақ

Copyright © 2016, Бес0ара5ай ауданының білім бөлімі

 

КІРУ